ENG   QAZ   RUS
HOSPITALITY KAZAKHSTAN (Community Based Tourism)
HOSPITALITY KAZAKHSTAN (Қоғамдастыққа негізделген туризм)
HOSPITALITY KAZAKHSTAN (Туризм, основанный на сообществах)

Байланыс: Қазақстан Республикасы, Алматы, Шевченко көшесі, 14 үй, 2 пәтер, тел.: +7 727 293 84 23, +7 727 2 93 83 80, Email: info@hospitality-kazakhstan.kz


ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРЛЕРІ
ЖОБА ТУРАЛЫ

Strengthening rural and community tourism Business Intermediary Organizations for Inclusive Economic Development in Central Asia / Орталық Азиядағы инклюзивті экономикалық даму үшін ауыл туризмі және қоғамдастыққа негізделген туризмнің бизнес ұйымдарының әлеуметін нығайту
Басталған уақыты 01.02.2017 г.
Біз жобаның мақсаты мен міндеттерін 31.01.2020 жылға дейін орындауды жоспарлап отырмыз (3 жыл).

Жобаның мақсаты
Орталық Азияда сертификатталған қонақ үйлердің орталықтандырылған желісін құру, Орталық Азия аумағын халықаралық туристік нарықта экотуристік бағыт ретінде қалыптастыру.

Жобаның міндеттері
  1. Орталық Азия мемлекеттерінде (Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы) ішкі және шығу туризмін дамыту;
  2. Жергілікті халықты (оның ішінде, әйел адамдар және жастарды) экотуристік қызметтер көрсетуге тарту;
  3. Аймақтық экотуристік қызметтер провайдерлерінің қызметтерінің сапасын арттыру;
  4. Жаңа жұмыс орындарын ашу;
  5. Жергілікті халықтың әл-ауқатын жақсарту.

Жоба келесі мәселелердің шешімін табуға/шиеленісін азайтуға арналған:
  • Экотуристік қызметтердің сапалы сервисі және сертификатталған провайдерлерінің болмауы;
  • Халықты жұмыспен қамту мәселелері, облыстағы жұмыс орындарының тапшылығы;
  • Облыстағы жастардың ірі қалаларға еңбек миграциясы;
  • Жергілікті халықтың экологиялық ойлауының жеткіліксіз қалыптасуы.

Күтілетін әсер (перспективалар):
Экотуристік қызметтердің кәсіби провайдерлерінің пайда болуы ішкі және көшпелі туризмнің дамуына оңтайлы әсер етеді, Орталық Азияны халықаралық туристік нарықта экотуристік бағыт ретінде қалыптастыру жергілікті халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін, жұмыспен қамтылған халық санын арттыру үшін, аймақта жаңа жұмыс орындарын ашу үшін катализатор болып табылады, жастардың еңбек миграциясына оң әсер етеді және жергілікті халықтың экологиялық ойлауын қалыптастыруға ықпал етеді.

Басты парақшаға оралу


© - КТА: Hospitality Kazakhstan - 2020

Top.Mail.Ru