ENG   QAZ   RUS
HOSPITALITY KAZAKHSTAN (Community Based Tourism)
HOSPITALITY KAZAKHSTAN (Қоғамдастыққа негізделген туризм)
HOSPITALITY KAZAKHSTAN (Туризм, основанный на сообществах)

Байланыс: Қазақстан Республикасы, Алматы, Шевченко көшесі, 14 үй, 2 пәтер, тел.: +7 727 293 84 23, +7 727 2 93 83 80, Email: info@hospitality-kazakhstan.kz



ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРЛЕРІ

Шығыс Қазақстан


Шығыс Қазақстан Қытай, Моңғолия, Ресей елдерінің шекарасының қиылысқан жерінде орналасқан. Аумақтың басым бөлігін Кенді және Оңтүстік Алтай, Қалба, Сауыр-Тарбағатай тау сілемдері алып жатыр. Таудың биіктігі 800-1500 м дейін, Алтайдың қиыр шығысында 3000-4000 м дейін (Белуха қ., 4506 м)

Негізгі өзендері – Ертіс және оның ірі салалары - Уба, Үлбі, Бұқтырма өзендері. Ең ірі көлдері – Марқакөл, Зайсан, Рахманов, Сасықкөл, Алакөл, Маралды көл.

Климаты күрт континентальды, тәуліктік және жылдық ауа температурасының ауқымды амплитудасы бар.

Шығыс Қазақстан Таулары

Шыңын қар басқан Белуха тауы (4506 м) – Сібірде және Алтайда ең биік шың болып табылады. Бұл қар, мұз, қар көшкіні және жарқыраған сарқырамалар патшалығы.

Оның жанында Бүркітауыл тауы орналасқан (бүркіт мекені). Оның биіктігі – 3.373 М. Бүркіттаул-Оңтүстік Алтайдағы танымалдығы бойынша Белухадан кейінгі екінші шыңы.

Марқакөл қорығы

Қорықтың жануарлар әлемі бай және әр алуан. Ормандарда қоңыр аю, бұлан, түлкі, сілеусін, маралдар (Сібір бұғылары), құр, бұлғын, ақкіс, сирек қызыл қасқыр, ителгі, қара дегелек, күміс шағала және т.б. мекен етеді.

Таудың жартасты кемерлерін көбінесе жалпақ жапырақты, сирек – Майқарағай ормандары алып жатыр. Субальпілік шалғындар гүлдерге, сирек дәрілік өсімдіктерге бай (алтын және маралтамыр тамыры, шыбық тәрізді тиынтақ, жуан жапырақты бадан және т.б.).

Марқакөл ұлттық қорығының інжу-маржаны ойпатта жатқан Марқакөл көлі деп аталады. Көлдің ұзындығы 38 км, ені 19 км және тереңдігі 27 м. Оны 27 өзен мен шағын өзендер қоректендіреді, бірақ көлден тек Кальжир өзені ғана ағады. Марқакөл суы тұщы және өте жұмсақ, оның басты байлығы-албырт тұқымдас балық болып табылады.

Рахманов бұлағы

Бұл мекеннің жер асты өзендерінің суының құрамында емдік родон - сирек гранит минералдары құрамындағы радиоактивті элементтердің ыдырау өнімдері болады.

Термальді сулар буын, омыртқа, жүйке жүйесі және тері ауруларын емдеу үшін пайдаланылады.

Алакөл көлі

Жоңғар Алатауының солтүстік-шығыс аймағында орналасқан Алакөл (Пестрое) емдік балшықтар мен минералды тұздарға бай. Көлдің суы өте мөлдір, таза, түсі таңертең ашық көкшіл түсті болса, күн батарда қызғылт түсті болады. Суға шомылу маусымы 4 айға созылады. Птичье көлінде маңғаз түрде қоқиқаздар мекен етеді, мұнда басқа да құстардың 40 астам түрлері: реликті шағала, қызғылт бірқазан, дуадақ және т. б. бар. Алакөлдің бірегей байлығы мемлекеттің қорғауында.

Киин-Керіш

Киин-Кериш (Сұлулық мақтанышы) - "Рухтар қаласы" деп аталатын табиғи эол қалашығы. Үшіншілік балшықтан құралған, сұлулығына көз тоймайтын бірегей қайталанбайтын ақ, қызыл және қызғылт-сары түстері бар жер бөлігі. Киин-Керіштің басты қазынасы - бұл шалғай тропиктік орындардан келген өсімдік жамылғысының (пальма, магнолия, араукария, гинкго және басқалары) және омыртқалылар қазбаларының (мүйізтұмсық, қолтырауын, тасбақа және саламандра) белгілері бар шағын саз және құм қабаттары.

Бұқтырма көлі

Көк-жасыл түстес Бұқтырма көлі өзінің сөз жетпейтін көркем түрімен және бай балықтар дүниесімен танымал. Таулы кемерлерден ағып шығатын көптеген өзендер мен бұлақтар көлге құяды, мұнда әдемі сарқырамалар түзіп, өзеннен тек Шандаге-бұлақ ағып шығады.

Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлу кесенесі

Аягөз өзенінің жағасында орналасқан ең қызықты тарихи ескерткіштердің бірі-Қозы-Көрпеш пен Баян Сұлу кесенесі (X – XI ғғ.) - қазақтың Ромео мен Джульеттасы аталған жасөспірім мен бойжеткен арасындағы мәңгілік махаббаттың символы.

Шығыс Қазақстан қалалары

Өскемен, Семей, Талдықорған.



© - КТА: Hospitality Kazakhstan - 2020

Top.Mail.Ru