ENG   QAZ   RUS
HOSPITALITY KAZAKHSTAN (Community Based Tourism)
HOSPITALITY KAZAKHSTAN (Қоғамдастыққа негізделген туризм)
HOSPITALITY KAZAKHSTAN (Туризм, основанный на сообществах)

Байланыс: Қазақстан Республикасы, Алматы, Шевченко көшесі, 14 үй, 2 пәтер, тел.: +7 727 293 84 23, +7 727 2 93 83 80, Email: info@hospitality-kazakhstan.kz



ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРЛЕРІ

КТА Экотуризм ақпараттық-ресурстық орталығы (ЭАРО)



«Экотуризм — жергілікті жердің
мәдени-этнографиялық және табиғи ерекшеліктері
туралы түсінік алуға мүмкіндік беретін
салыстырмалы түрде адам аяғы баспаған табиғаттарға
саяхатты қамтитын, экожүйелердің тұтастығын бұзбайтын
және табиғат пен табиғат ресурстарын қорғау
жергілікті халық үшін пайдалы болатын туризм түрі».
Дүние жүзілік жабайы табиғат қоры

Экотуризм ақпараттық-ресурстық орталығы (ЭАРО) - 2005 жылы Еуразия қорының қолдауымен құрылған КТА жобасы.
Қазіргі уақытта жоба толықтай КТА балансында және КТА қолдайтын басым бағыттардың бірі болып табылады.
ЭАРО Қазақстандағы жергілікті қауымдастықтарды дамытуға негізделген экотуризмді дамыту бойынша бағдарлама жүзеге асырылатын басты тармақ болып табылады.

ЭАРО қызметінің негізгі түрлері:
  • - экотуризм идеяларын насихаттау,
  • - туристік нарыққа қауымдастықтарға негізделген экотуризмді шығару,
  • - орталық келушілері мен туристерге ақпарат беру,
  • - турларды брондау және жобалық аймақтарды жарнамамен қолдау.

Егер Қазақстанды өзіңіз үшін танып білгіңіз келсе, жабайы табиғаттың адам аяғы баспаған орындарын аралып, ауылды елді мекендердің бейқам өмірін көргіңіз келсе, біздің ЭАРО-ға келіңіз.
Экотуристік маршруттардың басты ерекшелігі олар осы керемет орындарда тұратын және жұмыс істейтін адамдармен танысудың нақты мүмкіндігі болып табылады. Барлық экскурсиялар және қызметтерді жергілікті тұрғындар көрсетеді.

Сіздің таңдауыңызға әр алуан туристік өнімдерді ұсынамыз:
- қорығы бар орындарға туристік маршруттар,
- жайлы қонақ үйлерге орналастыру,
- экологиялық таза өнімдер,
- жергілікті тұрғындардың шексіз қонақжайлығы.

ЭАРО сіздің денсаулығыңызға пайдалы демалысты және ұмытылмас күндерді жоспарлаудың тамаша мүмкіндігін табуға көмектеседі.

Байланыс деректемелері:
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Шевченко к., 14 үй, 2 пәтер, тел.: +7 727 293 84 23, +7 727 293 83 80,
Жұмыс уақыты: Дс-Жм, сағат 9.00-18.00 дейін, үзіліс: сағат 13.00-14.00 дейін
Email: almaty-info.net@bk.ru, ecocentre.kz@gmail.com



© - КТА: Hospitality Kazakhstan - 2020

Top.Mail.Ru