ENG   QAZ   RUS
HOSPITALITY KAZAKHSTAN (Community Based Tourism)
HOSPITALITY KAZAKHSTAN (Қоғамдастыққа негізделген туризм)
HOSPITALITY KAZAKHSTAN (Туризм, основанный на сообществах)

Байланыс: Қазақстан Республикасы, Алматы, Шевченко көшесі, 14 үй, 2 пәтер, тел.: +7 727 293 84 23, +7 727 2 93 83 80, Email: info@hospitality-kazakhstan.kz


ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРЛЕРІ
Қазақстан туралы жалпы мәліметтер


Қазақстан - Еуразия құрлығында орналасқан ежелгі өркениеті елі, көшпелі тайпалардың отаны, Ұлы Жібек жолы өтетін ауқымды бөлігі (1400 км). Қазақстан - ұлы философ, суфизмнің негізін қалаушы-Қожа Ахмет Яссауидің отаны. Республикада 27 мың ежелгі ескерткіштер бар.

Орналасуы: Жер көлемі бойынша дүние жүзіндегі тоғызыншы мемлекеттің аумағы 2,7 млн ш. Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан, Ресеймен, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен,Түркіменстанмен және Қытаймен шекаралас болып табылады. Шекарасының жалпы ұзындығы 12187 км.

Жел бедері: Қазақстан ландшафттардың әр алуандығымен танымал: мұнда шыңын қар басқан биік таулар, жазықтар, ну ормандар және шөлейттер, суы таза өзендер мен көлдер, сарқырамалар бар. Ең төменгі нүктесі - Қарақия ойпаты (-132 м), ең жоғарғы нүктесі - Хан Тәңірі шыңы (7010 м).

Саяси құрылымы: Мемлекет басшысы Президент болып табылады. Жоғарғы билік органы - қос палаталы Парламент ¬Сенат және Мәжіліс.

Климаты: Күрт континентальды.

Флора және фауна: Тораңғы мен қарағайды қоса алғанда, өсімдіктердің мыңдаған түрлері, жануарлардың бірнеше мың түрі: қоңыр аю, қызғылт қоқиқаз, барыс, ақбөкендер және т. б.

Халқы: Қазақстан - көпұлтты мемлекет. Халық саны шамамен 15 млн.: қазақтар-45%, орыстар-35%, басқа 100 астам ұлттар - 20%.

Тілі: Ресми тіл - қазақ тілі, түркі тілдерінің тобына жатады. Орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі.

Дін: Діндердің алуан түрлілігі жоғары, дегенмен, ислам мен христиандық басым.

Астана: 2019 жылдан бастап Нұр-Сұлтан. (2724,9 ш. км.).

Ең үлкен қаласы: Алматы - республиканың 1924-1996 ж.ж. астанасы 1,5 млн. астам халық тұратын республиканың туристік, әлеуметтік, мәдени, экономикалық және білім орталығы.

Ұлттық валютасы: Теңге.

Уақыты: Гринвич бойынша уақыттан 6 сағатқа артық (Алматы, Нұр-Сұлтан). Саяхат үшін ең қолайлы уақыт: мамыр айынан қазан айына дейін.



© - КТА: Hospitality Kazakhstan - 2020

Top.Mail.Ru